English version

Түркияда қаза тапқан қазақстандықтың денесі отанына жеткізілді

Контекст дня — 13 февраля 2023 17:10
0 -1

Түркияда қаза тапқан қазақстандық әйелдің денесі отанына жеткізілді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– 10 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздеу жұмыстары барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оның ҚР азаматы Жанар Жақсыбекова екенін айтты, – деп жазылған СІМ хабарламасында.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан адамның денесін Кахраманмараштан Антальяға және одан әрі Алматыға тасымалдауға, сондай-ақ қажетті құжаттарды ресімдеуге барынша жәрдем көрсеткен.

Бүгін мәйіт Талдықорғанға жеткізілді. Тасымалдау бойынша барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алды.

Фото: Интерфакс


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.