Ya Metrika Fast


English version

Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды

Контекст дня — 21 мая 2023 16:30
0
Изображение 1 для Түркияда президент сайлауының екінші туры басталды

Түркиядан тыс жерде тұратын ел азаматтары президент сайлауының екінші кезеңінде дауыс беруді бастады. 73 елде 167 сайлау учаскесі ашылған, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Дауыс беру процесі 24 мамырға дейін жалғасады. Шекара пункттерінде, Республиканың әуежайлары мен теңіз айлақтарында 28 мамыр сағат 17:00-ге дейін дауыс беруге болады.

Шетелде дауыс беретін түрік сайлаушыларының көпшілігі Германияда тұрады. Дауыс берушілер Режеп Тайып Ердоған мен оппозиция кандидаты Кемал Кылычдароғлу арасында таңдау жасайды.


Айта кетейік, Түркияда сайлаудың екінші туры 28 мамыр, жексенбіде өтеді.

Фото: Политэксперт


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.