Ya Metrika Fast
English version

Түркияда тер төккен қазақстандық құтқарушылар тобы елге абыроймен оралды

Контекст дня — 20 февраля 2023 16:30
0
Изображение 1 для Түркияда тер төккен қазақстандық құтқарушылар тобы елге абыроймен оралды

Бүгін Астанада Түркиядан келген құтқарушыларды күтіп алды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Отанына аман-есен оралды.

– ТЖ министрі Юрий Ильин және Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи құтқарушыларымызды күтіп алды және атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді. Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның денесі шығарылды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Түркияда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 40 мыңға жақындады. Қазақстан Түркияға екі мәрте гуманитарлық көмек жіберді.

Фото: ТЖМ


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.