Ya Metrika Fast


English version

Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған қазақ қызы отанына оралды

Контекст дня — 6 марта 2023 18:10
0
Изображение 1 для Түркиядағы жер сілкінісінен аман қалған қазақ қызы отанына оралды

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен Сабина Мамадиярова Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Ол ауруханада болған кезде біздің елшіміз үнемі байланыста болды. Туыстары да онымен бірге болды. Қазір Қазақстанға оралды. Бірақ ол өзін мазаламауды өтінді. Біз, әрине, Анталия-Алматы рейсіне көмектестік, – деп хабарлады ҚР СІМ.

Айта кетейік, бұған дейін оның Түркияда қолына ота жасатқаны және дәрігерлердің бақылауында болғаны хабарланған.


Сабина Мамадиярова 8 ақпанда Хатай провинциясындағы Антакья қаласында үйінді астынан құтқарылған еді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.