English version

Түрмеде аштық жариялаған Ермек Нарымбай 18 келі салмақ тастаған

Контекст дня — 27 октября 2022 15:40
0 -1

«Саяси тұтқын» атанған 52 жастағы Ермек Нарымбай түрмеде аштық жариялағанына 24 күн толды. Ол 18 кг салмақ тастаған.

Азаттық мәліметінше, бұл туралы адвокат Ғалым Нұрпейісов айтқан. Адвокат Ермек Нарымбайдың 18 килограмға азып кеткеніне қарамастан аштығын тоқтатпайтынын жеткізді.

– Ол аштығының басты мақсаты – оппозицияның бірігуі екенін айтты. Саяси тұтқындарға қатысты мәселе шешілмесе, аштығын одан әрі жалғастырмақшы. Бұл ісімен қоғамды оятқысы келеді, – деді адвокат.

Айта кетейік, Ермек Нарымбай 2015 жылы алауыздық тудырды деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін апелляция соты белсендінің жазасын жеңілдетіп, үш жылға шартты жаза тағайындады.

2016 жылы Ермек Нарымбай өзіне қауіп төніп тұрғанын айтып, Украинаға қоныс аударды. Саяси белсенді биыл ақпан айының басында Қазақстанға келді. Ермек Нарымбай Алматы әуежайынан бірден полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қамауға алынды. 

Фото: informburo.kz

Изображение 1 для Түрмеде аштық жариялаған Ермек Нарымбай 18 келі салмақ тастаған
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.