Тұсаукесерге қатысқан Болат Назарбаев «қатерлі ісіктен» айықты ма?
Әлеуметтік желіде Болат Назарбаевтың тұсаукесерге қатысқаны туралы бейнежазба пайда болды. Бейнежазбаны gulbanu1991 есімді TikTok қолданушысы жариялады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Болат Назарбаев «өлім дертінен» айыққанға ұқсайды. Кейбір telegram-арналары экс-Елбасының інісінің денсаулығын осылай сипаттап жатыр. Ол тұсау кесу рәсіміне қатысып жүр, – деп жазды Elmedia.
Айта кетейік, бұған дейін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың туыстары оның науқас екенін айтып, арбаға таңылған видеосын жариялаған еді.
Арнайы репортаж жасаған Экспресс-К басылымы Болат Назарбаев 2015 жылы қатерлі ісікке шалдыққаны туралы жазды.
Фото: скриншот
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.