Ya Metrika Fast


English version

Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Контекст дня — 12 сентября 2023 17:20
0
Изображение 1 для Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Бүгін Үкімет қаулысымен Бауыржан Сыздықов төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– ҚР Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Мәдиұлы Сыздықов ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалады, – деп жазылған хабарламада.

Бауыржан Сыздықов 1973 жылғы 14 маусымда Шымкент облысы Бөген ауданы Задарья ауылында дүниеге келген.

Мансабы:

2001 мен 2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицері.

2010 мен 2012 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы.


2012 мен 2014 жылдар аралығында ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары.

2014 пен 2015 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2015 пен 2019 жылдар аралығында ҚР ІІМ ТЖК Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2019 жылғы қараша айынан бастап ҚР ІІМ ТЖК Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы.

Фото: Ukimet


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.