«Тұңғыш президент – Елбасы» туралы заңның күші жойылды
Қазақстанның Конституциялық соты «Тұңғыш президент – Елбасы» туралы заңның күшін жойды, деп хабарлайды Exclusive.kz соттың ресми сайтына сілтеме жасап.
« 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде өз билігін тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыра отырып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ оның арнаулы артықшылықтарын – мәртебесінің өзгермеуін, қатарынан екі реттен артық президент болып сайлану құқығын Конституциядан алып тастады», – деп жазылған мәтінде.
Конституциялық соттың мәліметінше, қаулы бірден күшіне енеді. Сондай-ақ шағымдануға жатпайды.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Конституция бойынша қорғалған.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.