Ya Metrika Fast


English version

Тұңғыш Президент күні мерекелер қатарында қалды

Контекст дня — 2 августа 2023 16:30
0
Изображение 1 для Тұңғыш Президент күні мерекелер қатарында қалды

Үкімет «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы 2017 жылғы 31 қазандағы» қаулыға өзгеріс енгізді. 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні ретінде мерекелік күндердің жаңа тізімінде қалды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

2023 жылдың 15 ақпанында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы туралы» заң ресми түрде күшін жойған еді. 2022 жылы 5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты республикалық референдум өтіп, қазақстандықтар негізгі заңнан Нұрсұлтан Назарбаевты алып тастауды талап етті.


Айта кетейік, мемлекеттік күзет қызметі бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаевты қорғамайды. Бұған себеп – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жойылуы.

Фото: sputnik


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.