Тәжікстан Қазақстаннан ескі автомобильдерді әкелуге тыйым салады
Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерден, оның ішінде Қазақстаннан ескі көліктерді әкелуге тыйым салады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
«Казстандарттың» баспасөз қызметі хабарлағандай, шектеулер 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына байланысты болмақ.
– Тәжікстан ауа ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі болып табылатын ескі автомобильдерді әкелудің алдын алуға бағытталған Жарлық дайындады, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, аталған жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.