Тайваньға талас: АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс арта түсті - Exclusive
Поддержать

Тайваньға талас: АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіс арта түсті

АҚШ әскери-теңіз күштерінің екі кемесі Тайвань бұғазындағы халықаралық судан өтті. Бұл жағдайдан кейін Қытай армиясы дайындықты бастаған.

– Қытай Халық-азаттық армиясының шығыс аймағының бөлімшелері (PLA) Тайвань бұғазында американдық Chancellorsville және Antietam әскери кемелері пайда болғаннан кейін дайындықты күшейтті, – деп хабарлады Шығыс әскери қолбасшылық аймағының өкілі Ши И.

Ши Идің айтуынша, қытай армиясы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бұғаз арқылы өтуін бақылауға алған.

– Әскери бөлімшелер кез келген арандатушылықты уақтылы тоқтату үшін жоғары жауынгерлік дайындыққа көшті, — делінген хабарламада.

Тайвань төңірегіндегі жағдайдың шиеленісуіне тамыздың басында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің аралға сапары себеп болды.

Фото: katehon.com




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.