Талдықорған: 2 млрд теңге жымқырған білім бөлімінің қызметкерлері ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды Exclusive.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Аталған азаматтар білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деп күдіктенеді. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады. Қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды, – деп хабарлады Антикор.
Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынғаны белгілі. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Айта кетейік, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.