Ya Metrika Fast


English version

Талдықорған полициясының басшысы Күштібаев әйел зорлады деген күдікпен ұсталды

Контекст дня — 13 ноября 2023 14:50
0
Изображение 1 для Талдықорған полициясының басшысы Күштібаев әйел зорлады деген күдікпен ұсталды

Талдықорған полициясының басшысы Марат Күштібаев әйел зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша, ол 27 жастағы аруға зорлық көрсеткен.

– Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп жазылған полиция хабарламасында.


Күштібаев облыс орталығындағы пәтерлерінің бірінде ұсталған. Аталған іс ерекше бақылауға алынды.

Фото: gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.