Ya Metrika Fast
English version

Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге пара алған

Контекст дня — 27 апреля 2023 11:10
0
Изображение 1 для Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге пара алған

Жетісу облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы Білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Exclusive.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

– Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар болып табылады және соттың санкциясымен қамауда, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.