English version

Талдықорғанда оқушы қызды аяусыз соққыға жықты

Контекст дня — 10 января 2023 14:30
0 -1

Талдықорғанда мектеп оқушылары құрбысын ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қызу талқыға түсті.

Полицияның мәліметінше, бейнеролик 9 қаңтар күні Талдықорғандағы пәтерлерінің бірінде түсірілген. Төбелеске қатықандардың бәрі анықталды. Олар кәмелет жасына толмаған оқушылар. Қазір жанжалдың негізгі себебі анықталып жатыр.

– Жәбірленуші полицияға ресми өтініш беруден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ әкімшілік іс қозғалды. Материалдар әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның қарауына жіберілді, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ білім басқармасының, құқық қорғау органдарының, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды.

Фото: скриншот


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.