English version

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Контекст дня — 5 сентября 2022 14:30
0 -1

Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихатының келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің Өкімімен Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұған дейін ол Тау-Кен Самұрық АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған. Бақытжан Орынбеков 1971 жылы 20 ақпанда дүниеге келген.

Айта кетейік, 5 тамыз күні Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті.

5 қыркүйекте Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ыбырайханов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Фото: facebook.com/zhambyl.gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.