English version

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланды

Контекст дня — 15 июня 2023 16:50
0 -1

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Сарытай Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Exclusive.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн. тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

– Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды. Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді, – деп жазылған хабарламада.

Қәзіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Фото: Бас прокуратура


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.