English version

Тараз ЖЭО бұрынғы басшысына іздеу жарияланды

Контекст дня — 4 апреля 2023 18:10
0 -1

«ТаразЭнергоЦентр» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Бақберген Мәуленовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Сотталушы Мәуленов сот отырысына келмеген. Бұған дейін ол кепіл арқылы босатылған еді.

– 28.03 Б. Мәуленовке қатысты іздеу жариялау туралы қаулы шығарылды. Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертілді, – деп хабарлады сотта.

Айта кетейік, ол заңсыз монополиялық табыс алу үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мемлекетке тиесілі 4,3 миллиард теңге жымқырған. Сондай-ақ жалған кәсіпорындар желісі арқылы қаражатты заңдастырды деп айыпталды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.