Тарихи жеңіс: Қазақ спортшысы Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль иеленді
Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасында шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын! – деді министр Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, бұған дейін отандастарымыз 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде иеленді.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.