English version

«Тарихи жеңіс»: Елена Рыбакина ірі турнирде жеңімпаз атанды

Контекст дня — 20 марта 2023 16:01
0 -1

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллстегі турнирінің финалында беларусь спортшысы Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Жеңіске жеткен қазақтандық спортшы рейтингтік 1000 ұпайға ие болды. Осылайша, WTA рейтингінде 10-орыннан 7-орынға көтерілді.

Президент өз инстаграм-парақшасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллс кортындағы жеңісімен құттықтап, сәттілік тіледі.

– Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.