«Тарихи жетістік»: Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді президент.
Айта кетейік, Сербия астанасы Белград қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Ризабек Айтмұқан әлем чемпионы атанды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.