Ya Metrika Fast


English version

Тасмағамбетов ҰҚШҰ елдеріне бірігіп, әскери техника шығаруды ұсынды

Контекст дня — 2 марта 2023 17:10
0
Изображение 1 для Тасмағамбетов ҰҚШҰ елдеріне бірігіп, әскери техника шығаруды ұсынды

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда Министрі, ҰҚШҰ әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның төрағасы Денис Мантуров ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің кәсіпорындарының әлеуетін біріктіру керек екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz.

ҰҚШҰ сайтында хабарланғандай, Иманғали Тасмағамбетов ұйым шеңберінде мемлекетаралық шарттар мәртебесімен қабылданған 60-қа жуық құжаттардың шамамен 30 пайызы әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін реттейтініне назар аударды.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Хатшылығының 2023 жылдың сәуір айында Душанбеде өтетін ХХІ отырысына дайындық бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады.


Сондай-ақ тараптар 2024 жылы ҰҚШҰ бастамасымен «Интерполитех» ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің халықаралық форумын өткізуді талқылады.

Коллаж: golos-naroda.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.