English version

Таулы Қарабақ: Ереван халқының наразылық шеруі толастамай тұр

Контекст дня — 22 сентября 2023 17:50
0 -1

Ереванда Таулы Қарабаққа байланысты наразылық шеруі жалғасып жатыр. Наразы жұрт автомобиль жолдарын жауып тастаған, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Армения халқы Қарабақтың Әзірбайжанға берілуіне қарсы. Бұл аймақта этникалық армяндар тұрады.

Шеруге шыққан халық Премьер-Министр Никол Пашинянның орнынан кетуін және жаңа үкіметтің құрылуын талап етті.

Айта кетейік, Әзірбайжан 19 қыркүйекте Қарабақта әскери операция бастады. Ереван мұны агрессия деп қабылдап, Қарабақта армян бөлімшелері жоқ екенін мәлімдеді.

Фото: Рен ТВ


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.