Теңіз кен орнындағы жарылыстан екі адам қаза тапты
6 шілде күні таңертең Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты.
6 шілде күні 09:55 шамасында Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында құбыр жарылған. 1985 жылы туған екі жұмысшы қаза тапты, — деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, түрлі дене жарақатын алған үш жұмысшыға медициналық көмек көрсетіледі.
Жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу басталды.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет