Тимур Құлыбаев батыс санкцияларының құрбанына айнала ма?
FinCEN Қазақстанға және кейбір өзге де елдерге қатысты «қайталама санкциялар» енгізу мүмкіндіктері туралы мәлімдеме жасады, ал Еуроодақ еуропаға заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға көмек қолын ұсынды. Сонда батыс елдерінің біз білмейтін сыры неде?
Байыпты ағайлар
Мән-жайдың маңыздылығын жете түсініп, ұғыну үшін FinCEN(FinancialCrimesEnforcementNetwork) жайлы еске түсіріп, оның қызметіне тоқтала кетсек. Қысқа қайырып айтқанда, бұл АҚШ-тың қаржы министрлігіне қарасты қаржылық қылмыстармен күресетін агенттік. Негізгі бағыттарының бірі – заңсыз жолмен табылған ақша қаражаттарының ізін жасырумен, терроризмді қаржыландырумен және қаржылық қылмыстармен күресетін бірден бір ұйым саналады. Басқаша айтқанда, бұл ФТБ немесе, тіпті ОББ-мен бір қатарға қойып, теңестіруге болатын айтарлықтай маңызды да беделді ұйым, әсіресе агенттік шешімдерінің халықаралық саясатқа тікелей әсер етуімен ерекше құнды. Сондай-ақ Мемлекеттік департаменттің немесе Ақ үйдің ақша қаражаты және қаржымен байланысты қылмыстарға қатысты барлық мәлімдемелері (ішкі және шетелдегі) аталған құрылымның деректерінсіз жүзеге аспайтыны белгілі. Жалпы, FinCEN іс жүзінде АҚШ-тың қаржылық барлау бөлімшесінің қызметін атқаратыны мәлім, сондай-ақ Құрама штаттарынан тыс жерлерде көптеген заңды және құқықтық өкілеттіліктерге ие ұйым ретінде танымал. Агенттіктің «Followthemoney» деген (сөзбе-сөз аударғанда «ақшаның ізімен») ұранының өзі оның қызметінен сыр шертіп, басым бағыттарын барынша айқын көрсететіні сөзсіз, егер ұйымның веб-сайтына назар аударсаңыз, онда өзіңізге қажет бірқатар мағлұматтарды таба аласыз. Мәселен, «қылмыскерлердің қылмыс жасауының басты себебі – қаржылық пайда табу, олар қылмыстық жолмен тапқан кірістердің немесе заңсыз жолмен тапқан табыстарын қажеттіліктеріне жарату арқылы белгілі бір қаржылық із, белгі қалдырады», – деген тәрізді ақпарларды көзіңіз шалатын болады.
Әрине, FinCEN ақпаратының негізгі тұтынушылары болып тек құқық қорғау органдары, үкіметтік құрылымдар (американдық және шетелдік) мен Ақ үйдегі мемлекеттік департамент қана емес, сондай-ақ барлық қаржы институттары (банктер), трансұлттық және инвестициялық компанияларда да ұйымның мәліметтерін пайдаланушыларының қатарынан табылады. Олар үшін FinCEN қолынан шыққан кез келген құжат іс-әрекетке немесе, керісінше, әрекетсіздікке, яғни келісім-шартты бұзуға, алдын-ала келісімдерді қайта қарауға және т.б. ынталандыруы әбден мүмкін.
Мәселен, 2020 жылы FinCEN дау-дамай тудырған баяндама жариялаған болатын, мазмұнына зер салатын болсақ, әңгіме арқауы әлемдегі бірнеше ірі банктердің қылмыскерлерге әлем бойынша жалпы сомасы шамамен 2 трлн. долларды құрайтын заңсыз табылған ақша қаражатының орнын ауыстыруға мүмкіндік бергені айтылған еді. Құжатта, сондай-ақ ресейлік олигархтардың АҚШ пен Еуроодақ санкцияларын айналып өту мақсатында батыс елдерінің банктерін қалайша пайдаланғаны көрсетілген-ді. Дау-дамай тұрғысынан алғанда мұндай ақша қаражаттарының ағылуын «Панама қағаздары» мен «жұмақ деректерінің» пайда болуымен салыстыруға болатыны дау тудырмасы анық, алайда баяндама авторының «әлемдегі ең ірі экономиканың» ресми ведомствосы екенін ескерсек, аталған құжаттың маңыздылығы жағынан әлдеқайда салмақты көрінетіні бірден аңғарылады.
Біз де осындамыз
Енді міне, жаңа мәлімдеме. Бұл жолы FinCEN АҚШ Сауда министрлігінің өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросымен «бірлескен автор» ретінде мәлімдеме таратты. Он беттен тұратын құжат, шын мәнінде, негізгі қызметтері жеткізу, тасымалдау болып саналатын жеке және заңды тұлғаларға тауарларды Ресей Федерациясына жеткізу кезінде санкция тізімінде көрсетілген тауарлардың өтіп кетуіне жол бермеу мақсатында барынша қырағылық танытуға үндеудің бір түрі тәрізді көрінеді. Айтпақшы, бұл екінші рет жасалып отырған осындай ескерту – біріншісі 7 наурызда жарияланған болатын, бірақ көбінесе жалпылама сипатқа ие болды. Бұл түсінікті жәйт – мәлімдеме жасалған уақытта басқыншылық әрекеттерінің басталғанына бар-жоғы екі апта ғана өтіп, әлем әлі де күйзелiс жағдайында тұрған сәт болатын-ды.
Бұл жолы жалпылама сөздерге қарағанда, құжаттың нақты тұстары біршама басымырақ болды. Сонымен, әскери мақсатта қолдануға болатын техника, атап айтқанда, ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, гидроакустикалық жүйелер, антенналар, спектрофотометрлер, сынақ жасау жабдықтары, GPS жүйелері, вакуумдық сорғылар мен мұнай өнеркәсіп жабдықтары тыйым салынған жабдықтардың қатарына енді. Отандық қорғаныс кәсіпорындары туралы соңғы материалдарда біз қазақстандық зауыттардың өзге де жабдықтармен қатар басты тапсырыс берушілерінің бірі ретінде РФ Қорғаныс министрлігі болып саналатын жойғыш ұшақтарға арналған ұшу аппараттарын да жасап жатқандығын мәлімдеген едік. Мұндай кәсіпорындардың санкциялық шектеулерді сақтайтыны және тапсырыстың орындалғанына қарамастан жабдықтың жеткізілуі тоқтатылғаны белгілі болды.
Алайда, мұндай мүмкіндікті толығымен жоққа шығаруға да болмайды, әсіресе үкімет басшысы әскери-өнеркәсіптік кешені үшін түрлі деңгейде жұмыс істейтін ресейлік кәсіпорындардың басшылығымен ашық түрде кездесу өткізетіні шындық. Атап айтқанда, «КАМАЗ» және «Ресей мыс компаниясы» басшыларымен кездескені баршамызға белгілі, ал премьер-министр Смайыловтың Екатеринбургке сапарына санаулы күн қалғанда «Камаздықтар» АҚШ-тың нақты санкцияларына ұшыраған болатын.
Айтпақшы, Ресей-Қазақстан арасындағы мұндай келіссөздер мен оның нәтижелері америка тарапынан жасалған баяндамада ескерілмеген, өйткені құжат келіссөздерден бұрын жасалған болатын. Дегенмен, FinCEN-дің мұндай «дәуірлік оқиғаны» «қарындаштың ұшына алғанын» нақты сеніммен айта аламыз. Мұның салдары зор болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, әзірше нақты компаниялар мен жеке тұлғаларға қарсы бағытталған «қайталама санкциялар» қаупі туралы ғана сөз болып отыр, Смайылов мырза Қазақстан үкіметінің өкілі ретінде әрекет ететін тұлға, сондықтан кейбір батыстық корпорациялар өздерінің инвестициялық ниеттерін біздің жаққа қайта қарауы әбден мүмкін.
Бұл ретте, нақты айтқанда Қазақстан мен қазақстандықтар еш әрекет жасамай-ақ тектен тек қайталама санкцияларға ұшырап отырғанын баса айтқан жөн. Алайда, қандай да бір әрекеттер жасамау – бұл баршамызға тән қасиет. Әсіресе, бұл тұрғыда үкімет алдына жан салмайды. Осылайша біз (яғни, басшылық) тек өзімізді емес, өзгенің мүддесін алға тартып, жағдайды ушықтыра түсеміз. Мұның салдары күн өткен сайын сезіле түсуде: қант және азық-түлік бағасының қазіргі таңда қымбаттай бастауы мұндай құбылыстың басы ғана тәрізді көрінеді.
Ақша керек, ақша
Иә, Президент Тоқаев пен оның алдында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қазақстанның санкцияларды айналып өту ниеті жоқ деп баршамызды сендіре бастады. Бұл жерде Ақорданың қазіргі иесінің дипломатиясы мен оның Еуропадағы беделі басты рөл атқаратыны сөзсіз, бірақ атышулы көпвекторлы көзқарас пен шешім қабылдаудағы қатаңдықтың жоқтығы түптеп келгенде «бір бүйірден шығуы» ғажап емес. Мұны әдейі немесе «әдеттен тыс» «ескі Қазақстан», дәлірек айтсақ Нұрсұлтан Әбішұлының өзі мүлдем жоққа шығарып отырған «Назарбаевтар кланының» өкілдері алға тартып отыр. Алайда аптаның тағы бір маңызды оқиғасына бір сәт тоқтала кетсек. FinCEN өз баяндамасын жариялаған сәтте, дәл осы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өкілдері басшыларының, яғни Бектеновтың ЕО-ның Орталық азиядағы өкілі ТериХакаламен келіссөздер жүргізгені туралы мәлімдеме таратты. Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша Хакала ханым «Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткен» көрінеді. Содан кейін: «Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы өтініштерге қолдау көрсетуге дайын екенімізді мәлімдедік», – дейді агенттіктің баспасөз қызметі.
Шамасы, еуро-қонақты елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әсіресе «қаңтар оқиғасының» тергелуі көбірек қызықтырса керек, ал нақты азаптау істерімен Антикордың айналысып жатқаны баршаға аян. Бектенов мырзаның баянаттарына қарамастан, біз сотталушылар орындығында отырған күш құрылымдарының бірде-бір қызметкерін көре алмадық. Еуроодақты алдап-соғу оңай шаруа емес екені белгілі, олар қаңтар оқиғасындағы жағдайлардың себеп-салдарын және қазіргі таңда не болып жатқанын, сондай-ақ бұл оқиғалардағы Назарбаев отбасының рөлін жақсы білетіні сөзсіз. Қалай болғанда да мұны олар жақсы түсінеді.
Ал мұндай әрекетке ТериХакалдың қолдау көрсетуі табиғи түрде қабылдануы керек. Керісінше, Еуропа немесе қандай да бір мемлекет мұндай қадамды жасаудан бас тартса, таңқаларлық құбылыс ретінде көрінер еді. Тағы бір маңызды тұсы, Қазақстанда әлі де болса тиісті құқықтық база жоқтың қасы, сондай-ақ мұндай қаражатты қайтару тетігі де қалыптаспаған. Ең бастысы, Батыс мұндай активтердің қажетті іске жұмсалатынына күмәнмен қарайтын сияқты, өйткені елімізде бұл процеске деген негізгі қоғамдық бақылау жоқ. Ал, Брюссель мен Страсбург Бектеновтың қызметін Назарбаев тұсында бастағанынан, оның өмірбаянынан толықтай хабардар болса керек.
Сондықтан осы уақытта орын алып отырған жағдайлар өзара сенімділікпен алмасудан аса алмай отырғаны және ең әуелі Қазақстан үкіметінің одан арғы іс-қимылдарына тығыз байланысты екені айдан анық. Дәлірек айтқанда, ел президентінің саяси табандылығының арқасында ғана жүзеге аспақ, өйткені елден шығарылған капитал ең алдымен бірінші кезекте жақын туыстарымен бірге әлі де болса қазақстандық заңнаманың қорғауында тұрған тұңғыш президенттің жақын ортасымен тығыз байланысты болып отырғаны шындық.
Бұл жерде, шамасы, партияның жоспары мен халықтың жоспары бір-біріне мүлдем кереғар сияқты, ал кейбір параметрлер бойынша мүлдем сәйкес келмейтін көрінеді. Керісінше батыстың нақты құқықтық базаға негізделген өзіндік тұрақты пайымы бар. Олар үкіметке біз сенбейтін басқа да бірнеше себептерге байланысты сенімсіздік танытуы мүмкін. Мұндай жағдай санкцияға ғана емес, шығарылған капиталға да қатысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысы бар еліміздің клептократтарының есімдері АҚШ Конгресі мен Британ парламентінде жарияланып та үлгерді. Ал Еуропарламентте адам құқығын бұзатын тұлғаларға жеке санкциялар салу туралы пікірлер ашық айтылда бастады.
Жоғарыда аталған FinCEN ұйымы өзге де қызметтер қатар, Ресейге қару-жарақ пен қосалқы бөлшектерді жеткізетін ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ адам құқықтарын бұзушылардың да санкциялық тізімін жасап, тексеріп, іс жүзінде бекітумен айналысатынын еске түсіретін сәт келіп жеткен тәрізді. Мұндай тізімдер әлі жарияланған жоқ, бірақ әрбір қазақ азаматына таныс адамдардың көптеп саналатынына сеніміміз зор. Осылайша, американдық тергеп-тексерушілер атаулы санкцияларды, мәселен Тимур Құлыбаевқа қатысты енгізу қажет деген қосымша дәлелдерге қол жеткізеді. Оның үстіне Тимур Асқарұлы ресейлік мұнай-газ бизнесімен тығыз байланысты болғаны белгілі.
Жалпы, Батыс елдері Қазақстан халқы сияқты мәселенің «xy-дан xy-ға» қарай ойыса бастағанын жақсы түсінеді, мұны мәлімдеу үшін тек біріншісіне ғана заңдық негіз, ал бізге сөз бостандығы қажет. Ал үкіметке келсек, қазір оған қызыға қарай алмайсың. Бұл жерде не шешім қабылдау қажет, тіпті өзіңе қарсы болса да…, не отставкаға кету керек…
Сонымен, бүгін Еуроодақ елшілері арасында Ресейге қарсы санкциялардың жетінші пакеті бойынша консультациялар басталуы тиіс. Әрине, бұл жерде FinCEN жасаған мәлімдемелер басшылыққа алынып, ескерілетін болады. Өйткені, санкция дегеніңіз – бұл Роскомнадзор мерзімді түрде шығаратын қандай да бір шектеулер мен тыйымдар ғана емес, сондай-ақ белгілі бір кең ауқымды іс-шаралар кешені екенін жақсы білеміз.
Комментариев пока нет