Тінәлиев Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды
Ұлықбек Тналиев Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ұлықбек Тінәлиев 1986 жылы туған. Еңбек жолын 2005 жылы қоғамдық ұйымның еріктісі ретінде бастады.
Ұлықбек Тінәлиев Атырау облысы Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, Атырау облысы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары сынды жауапты қызметтер атқарған.
Сондай-ақ, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының басшысы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі департаментінің директоры болды.
Фото: ашық дереккөз
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.