English version

«Өтініш жазбай-ақ»: Смайылов жұмыспен қамтудың жаңа тәсілін ұсынды

Контекст дня — 11 октября 2022 12:50
0 -1

Бүгін Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, халықты жұмыспен қамтамасыз ету шаралары қаралды.

​​Әлихан Смайылов халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту маңызды мәселе екенін атап өтті.

– Биылғы жылы Ұлттық жобаларды іске асыру шеңберінде 269 мыңнан астам жұмыс орны құрылуы тиіс. Біз тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге күш салуымыз керек, – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет.

– Отбасының цифрлық картасы, Электрондық еңбек биржасы мен Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасын біріктіргеннен кейін, жұмыссыз жүргендерге электрондық хабарламалар арқылы вакансиялар ұсынуға болады, – деді Смайылов.

Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыссыздарға өтініш жазбай-ақ бос жұмыс орындарын ұсыну маңызды. Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету қажет. Жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуге ерекше назар аудару керек.

Фото: Ukimet

Изображение 1 для «Өтініш жазбай-ақ»: Смайылов жұмыспен қамтудың жаңа тәсілін ұсынды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.