English version

ТМД-дағы жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқытылмақ

Контекст дня — 14 апреля 2023 18:26
0 -1

Бүгін Санкт-Петербургтегі ТМД Парламентаралық Ассамблеясының пленарлық отырысы өтті.

Аталған іс-шарада Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақ тілі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Өкінішке орай, біз ТМД елдерінің тілдерін оқытуға әрдайым жеткілікті көңіл бөле бермейміз. Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінде ТМД және жақын шет елдердің тілдері мен мәдениеттерінің бірегей кафедрасы бар. Онда достастық елдерінің тілдері оқытылады. Біз өз тарапымыздан осы кафедраға қазақ тілін оқыту бойынша қажетті көмек көрсетуге дайынбыз. Осындай кафедраларды басқа мамандандырылған жоғары оқу орындарында ашу мәселесін қарастыруға болады деп ойлаймын, – деді Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев ресейлік жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен кездесті. Сондай-ақ Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.