Тоқаев қару өндіру мен сатып алу туралы отырыс өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.
Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.
Қауіпсіздік кеңесі отырысының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет