Тоқаев өз қызметін «жалдамалы менеджер» деп атады - Exclusive
Поддержать

Тоқаев өз қызметін «жалдамалы менеджер» деп атады

Алматы қаласына жұмыс сапарымен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы жұртшылығымен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент жалдамалы менеджер деп атады. Оның айтуынша, президент лауазымы жауапкершілікті талап етеді.

– Менің түсінігімде, Президент – жалдамалы менеджер, халық онымен белгілі бір мерзімге келісімшарт жасайды. Азаматтардың еркін таңдауының нәтижесінде елдегі ең жоғары мемлекеттік лауазымға ие болған адам миллиондаған отандастарының дауысымен бекітілген келісімшартқа қол қояды.

Сондықтан Президенттің лауазымы – артықшылықтан бұрын зор жауапкершілік. Бұл қызметті атқарған және атқаратын әрбір адам ең қатал үш соттың – халықтың, тарихтың және өз ар-ұжданының алдында жауап береді. Сенім – елдің игілігі мен дамуына, халықтың ынтымағына негіз болатын қастерлі ұғым, – деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқын отаншыл болуға шақырды.

– Төртінші. Біз отаншыл және мемлекетшіл болуымыз керек. Шын мәнінде, туған жеріңді сүюден асқан бақыт жоқ. Жүрегі Отаным, Елім, Жерім деп соққан адам ештеңеден қаймықпайды. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Ең басты байлығымыз – туған еліміз. Сондықтан, мемлекет мүддесі қашанда барлығынан биік тұрады, – деді ол.

Фото: Борт 01

https://t.me/kzexclusive




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.