Тоқаев Абай облысының өрт сөндірушілерін марапаттады - Exclusive
Поддержать

Тоқаев Абай облысының өрт сөндірушілерін марапаттады

Мемлекет басшысы Абай ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан өрт сөндірушілерді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен:

Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) — Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;

Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы — Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

Ерлігі үшін» медалімен:
Нұрлан Сәлімжан — Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.