Тоқаев армян халқына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Армения премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады.
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянға және барша армян халқына Еревандағы «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыстан көптеген адамның қаза болуына байланысты жеделхат жолдады, – делінген хабарламада.
Жеделхатта Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет