Тоқаев Астана әкіміне су мәселесін шешуді тапсырды - Exclusive
Поддержать

Тоқаев Астана әкіміне су мәселесін шешуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың сумен қамтамасыз етілу жағдайы туралы Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс Қасымбекке қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмауды тапсырды.

– Әкімге қысқа мерзімде тек сумен қамтамасыз ету саласында ғана емес, сонымен қатар қаланың маңызды басқа да жүйелерінде дағдарыс жағдайын түбегейлі болдырмау үшін жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалыптасқан жағдай Президент Әкімшілігінің бақылауында болмақ.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *