Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті - Exclusive
Поддержать

Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Тоқаев өз тілегінде Түркия Президентінің көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді.

– Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты өркендету мәселесі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады, – деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Фото: aqorda




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.