Тоқаев 20 мың террорист туралы сұраққа жауап берді
Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына 20 мың террорист қатысқаны ақпаратқа пікір білдірді.
– 20 мыңға келсек, бұл көрсеткішті құқық қорғау органдарының бұрынғы басшылары келтірген, бұл бүкіл елге қатысты. 13 қалада бір мезгілде қоғамдық тәртіпті бұзу мақсатында билікке қарсы бандиттік шабуылдар жасалғанын білесіздер. Қазір 5,5 мың қылмыстық іс қозғалды, 500 қылмыстық іс сотқа жолданды, — деді Тоқаев.
Сондай-ақ, Қазақстандағы қаңтар оқиғасына қатысты тергеу барысы туралы айтты.
– Тергеуді уәкілетті органдар жүргізіп жатыр, өте мұқият, егжей-тегжейлі жүргізіліп жатыр. Қолда бар материалдарды Бас прокуратура жариялайды. Біздің қоғамға қатысты ешқандай құпия жоқ. Біз бәрін ашық және жоғары кәсіби деңгейде жасаймыз. Сондықтан халықаралық сарапшыларды шақырудың қажеттілігі жоқ, солай ойлаймын. Бұл жұмыс жалғасады. Шынында да, қарақшылар мен лаңкестер келтірген зиян ауқымы шошытпауы мүмкін емес, өйткені 1600 қызметтік коммерциялық ғимарат бүлінген, 1000-ға жуық көлік өртенген, 3000 қару ұрланған және, әрине, көпшілігі қаза болды, олардың арасында қарақшылар мен террористер бар. Біз мұның мемлекеттік жүйеге нұқсан келтіруге бағытталған лаңкестік әрекет екенін алға тартамыз, сондықтан оған қатысу, сыбайластық немесе арандату ма, жоқ па, қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту қажеттігі туралы айтып отырмыз. Әсіресе, ұйымдасыру. Мемлекетке қарсы операцияның өзі нақты жоспарланған, оны жақсы дайындалған мамандар басқарды, — деді президент журналистер сұрағына жауап беріп.
Комментариев пока нет