Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді халықтың сенімін ақтауға шақырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады, — деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшінің негізгі міндетін еске салып, сенім білдірді
– Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін, – деді президент.
Комментариев пока нет