Тоқаев ресейлік депутаттарға ескерту жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының 25 жылдығына арналған жиынның пленарлық отырысына қатысып, Қазақстанға қатысты пікір білдіретін ресейлік тұлғаларға наразылық білдірді.
– Бұл қисынсыздау да болар, дегенмен, осы мінберді пайдаланып, бірқатар ресейлік депутаттың Қазақстанға қатысты мүлдем қисынсыз айтқан, нақты емес пікірлеріне наразылығымды білдіргім келеді. Арасында журналистер, тіпті мәдениет қайраткерлері бар. Бүгін Кремльдің жоғарғы басшылығының түптеп келгенде өзге мемлекеттерге, әсіресе менің елім Қазақстанға қатысты ұстанымын жеткілікті түрде білдірген Владимир Путинге ризашылығымды білдіремін, – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, алауыздық екі елдің халықтары мен Ресей Федерациясының өзіне зиянын тигізеді.
– Бұл пікірлердің барлығы мен үшін түсініксіз. Кімнің диірменіне су құйып жүр демекші, аталған қайраткерлер қандай да біртүрлі әдістермен Қазақстан басшылығының шешімі болсын, немесе елімізде орын алып жатқан оқиғаларға болсын пікір білдіреді, – деді президент.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.
Солардың аты жөнін жариялау керек еды,ойлаймын сырты істер министірі батырып әйтар.