Тоқаев 2029 жылға дейін 150 млрд доллар шетелдік инвестиция тартуды міндеттеді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг аясында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Өткен жылы біз $28 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартып, соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Аталған инвестициялар бірінші кезекте тау-кен металлургия кешеніне, өңдеу өнеркәсібіне, саудаға, көлік және қаржы секторына бағытталды, – деді Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Тоқаевтың 2029 жылға дейін $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту міндетін қойғанын атап өтті.
– Қалай болғанда да, $27-28 млрд деңгейі – Қазақстан үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Біз инвестициялар тартудың осындай жоғары серпінін сақтап қалуға ниеттіміз. Мемлекет басшысы алдымызға 2029 жылға дейін $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту міндетін қойып отыр, – деді Премьер-Министр.
Бұдан бөлек Смайылов келесі жылы құны 4,6 трлн теңге болатын 400 жобаны іске асыру жоспары бар екенін айтты.
Фото: ашық дереккөз



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.