Тоқаев 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Жеңіс күні құрметіне өтетін әскери шеру болмайды. Қорғаныс министрлігі шерудің бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында өтпейтінін мәлімдеді.
Фото: sputnik
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.