Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев 70 жасын қалай атап өтеді?

Контекст дня — 15 мая 2023 17:30
0
Изображение 1 для Тоқаев 70 жасын қалай атап өтеді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жас мерейтойын тойламайды. Президенттің туған күніне қатысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Президенттің Баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай facebook-те.


Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.