English version

Тоқаев Ақсақаловқа көктемгі егіс науқанына қатысты тапсырма берді

Контекст дня — 11 января 2024 18:10
0 -1

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдап, Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Құмар Ақсақаловтың баяндамасына сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалады.

– Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 5 пайыз өскен; жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп саласының үлесі 30 пайыздан асты. Әсіресе, жергілікті машина жасау кәсіпорнында шығарылатын автокөлік модельдерінің қатары көбейіп келеді. Былтыр елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 21 миллиард теңге болатын 69 жоба қолға алынған. Бүгінде 37 жоба толықтай жүзеге асырылды. Нәтижесінде аймақ тұрғындарын сумен қамту көрсеткіші 86,6 пайызға дейін жеткен және қазіргі уақытта 347 ауыл таза ауызсу тұтынып отыр, – деп жазылған хабарламада.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне жылыту маусымын қалыпты режимде өткізу, өңірді газбен қамтамасыз ету жобасын уақытылы жүзеге асыру мәселелерін Үкіметпен бірге айрықша бақылауға алуды, сондай-ақ көктемгі егіс науқанына әзірлікті пысықтауды тапсырды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.