English version

Тоқаев қаңтар құрбандарының рухына құран бағыштады

Контекст дня — 5 января 2023 12:50
0

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласындағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухына құран бағыштады.

Қаңтар оқиғасы кезінде 227 адамның қаза тапқаны айтылды. Оның ішінде балалар мен әйелдер де бар, 19-ы құқық қорғау қызметкері. Қаңтар оқиғасы бойынша 3770 қылмыстық іс қозғалды.

Еске салайық, 2022 жылдың алғашқы күндері Жаңаөзен қаласында басталған шеру Қазақстанның басқа қалаларына да таралды.

5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталды. Елдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, 5 қаңтарда төтенше жағдай Қазақстанның барлық аумағында енгізілді.

Фото: Ақорда

Изображение 1 для Тоқаев қаңтар құрбандарының рухына құран бағыштады
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.