Тоқаев Алматыдағы өрт туралы: Кінәлілер жауапқа тартылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды, – деді президент.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Смайылов Үкімет орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдап, кінәлілер жауапқа тартылатынын атап өтті.
– Барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі. Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін, – деді ол.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.