Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне Qarmet компаниясына қатысты нақты тапсырма берді

Контекст дня — 10 января 2024 16:50
0
Изображение 1 для Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне Qarmet компаниясына қатысты нақты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдап, президентке Қарағанды облысының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермағанбет Бөлекпаевтың баяндамасына сәйкес, былтыр 11 айдың ішінде өңірдегі өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1 трлн. теңгені құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,3 пайызға артып, 727 млрд. теңгеге жеткен.

Сондай-ақ экономиканың барлық саласында 25 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,1%-ға, кедейлік деңгейі 2,7%-ға дейін төмендеген.


– Бұдан бөлек, Президентке жылыту маусымының барысы, Qarmet кәсіпорнындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды. Мемлекет басшысына жаңа инвестордың өндірісті тұрақтандыру және оның көлемін арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары, сондай-ақ өндірісті жаңғырту және компания жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жөнінде мәлімет берілді, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ Qarmet компаниясына қарасты нысандардағы жағдайды ерекше бақылауға алу қажет екенін атап өтті.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.