Ya Metrika Fast


English version

Тоқаев Астана қаласының әкіміне тапсырма берді

Контекст дня — 6 сентября 2023 16:30
0
Изображение 1 для Тоқаев Астана қаласының әкіміне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдап, баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеңіс Қасымбек барлық негізгі экономикалық көрсеткіш бойынша оң динамика байқалатыны жайында айтты:
– биылғы 7 айда инвестиция көлемі 9,2 пайызға ұлғайып, 678,5 миллиард теңгеге жеткен;
– жыл соңына дейін жалпы сомасы 87 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланғанын, оның 15 жобасы өңдеу өнеркәсібі саласында жүзеге асырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ ол газбен жылыту станциялары мен 3-ЖЭО алдағы жылыту маусымында іске қосылады деп жоспарланып отырғанын және олар сағатына 1100 Гкал жылу беретінін айтты. Бұл елордада жылу энергиясына деген сұранысты артығымен қамтамасыз етуге ықпал етеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, жылыту маусымына дайындығына және абаттандыру жұмыстарына қатысты бірқатар тапсырма берді.

Фото: aqorda


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.