English version

Тоқаев Астанадағы ЭКСПО аумағын қаңырап жатқан жерге теңеді

Контекст дня — 31 января 2023 18:10
0 -1

Қаңтардың 31 күні Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар маңызды нысандарға қатысты ескерту айтты.

– Өзенге жаяу адам жүретін көпірлер салу керек. Мұндай өткел, әсіресе, қазір салынып жатқан Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің маңайына қажет. Көлік жүруге болмайтын көшелер жөнінде талай рет айтылды. Бірақ қалада ондай бір де бір көше салынған жоқ. Жалпы, әлемдік тәжірибеде дәл осындай көшелер көптеп салынады. Бұл мәселені мұқият ойластыру керек. Білікті мамандарды тартып, оңтайлы шешім қабылдауға болады, – деді Тоқаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы ЭКСПО аумағына жан бітіру керектігін айтып, тапсырма берді.

– Мысалы, бізде ЭКСПО аумағы бар. Бір қарағанда, өте әдемі жер. Бірақ қаңырап бос жатыр. Шын мәнінде, оған жан бітіріп, жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруға болады. Қоғамдық кеңістікті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдаған жөн. Нысандарды жобалау және салу кезінде осы тұжырымдамаға сүйену қажеттігі заңды түрде бекітілуге тиіс, – деді президент.

Фото: Ақорда

Изображение 1 для Тоқаев Астанадағы ЭКСПО аумағын қаңырап жатқан жерге теңеді
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.