English version

Тоқаев Ата заңның сақталуына бақылауды күшейту керек екенін айтты

Контекст дня — 20 февраля 2023 15:35
0

Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында президентке Конституциялық Сот өз жұмысын бастағаны, өкілеттігін жүзеге асыруға кіріскені, сондай-ақ биылғы 1 қаңтардан бері азаматтардан келіп түскен өтініштер жөнінде мәлімет берілді.

– Эльвира Азимова конституциялық іс жүргізуге қабылданған өтініштер мен конституциялық бақылау аясында жоспарланған шаралар туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық іс жүргізудің барлық сатысының ашықтығын және Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібі туралы азаматтардың хабардар болуын қамтамасыз етудің, сондай-ақ Ата заңның сақталуына бақылауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті, – делінген хабарламада.

Фото: DW


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.