English version

Тоқаев: Қатармен қарым-қатынасымызды дамыту үшін бар күш-жігерімізді саламыз

Контекст дня — 12 октября 2022 12:45
0 -1

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елорда әуежайында күтіп алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жүргізіліп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарланып отыр.

«Ақорда» резиденциясында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Қатардың әнұрандары орындалды.

Президент Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәниге шақыруын қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін алғыс айтты.

– Жоғары мәртебелі шейх Тәмим мырза, өзіңізбен Қазақстанда кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Менің шақыруымды қабыл алып, мемлекеттік сапармен Қазақстанға келгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз бүгін екіжақты қарым-қатынастың ең маңызды мәселелері бойынша тиісті уағдаластықтарға қол жеткіземіз. Біз үшін Қатар Мемлекеті – Таяу Шығыстағы ең маңызды серіктес. Сондықтан қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімізді саламыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қатар Әмірі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанға  шақырғаны үшін алғыс айтып, қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. 13 қазанда шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысады.

Фото: Борт 01


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.