English version

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы басшыларын ауыстырды

Контекст дня — 24 апреля 2023 14:50
0 -1

Акбаржон Исмаилов пен Аурик Дьяк Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Мемлекет басшысының өкімдерімен: Исмаилов Акбаржон Яхияжаұлы және Дьяк Аурика Георгиевна Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) төрағасының орынбасарлары қызметін Тауфик Кәрімов пен Наталья Дементьева атқарған еді. Мемлекет басшысы оларды қызметінен босатты.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.