Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасында сауда қарқыны жоғары екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасында сауда, инвестиция және өнеркәсіп салалары бойынша қарым-қатынас қарқыны жоғары екенін айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Ресей компаниялары Қазақстанға тұрақты түрде инвестиция салып отырған бес негізгі елдің қатарына кіреді. Бүгінде Ресеймен бірлесіп, жалпы сомасы 16,5 миллиард доллар болатын 40 ірі жобаны жүзеге асырып жатырмыз, – деді Тоқаев.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысы Беларусьпен арадағы қарым-қатынас туралы айта келе, ауыл шаруашылығы техникасын шығару және машина жасау салаларындағы тәжірибені оң бағалады.
Сондай-ақ ол Қырғыз Республикасымен арадағы байланыстарымыздың тұрақты дамып келе жатқанына, өзара сауда-саттық қарқыны жоғары екеніне назар аударды.
– Жеті айда екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 13 пайызға өсті. Қазақ-қырғыз шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешен салудың келешегі зор, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.